Баян Алагөзованың отбасында тағы бір сәби дүниеге келеді деп күтілуде

Ілияс Бақыт

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек желіде жақында дүниеге сәби келетінін меңзеп, фото жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек желіде жақында дүниеге сәби келетінін меңзеп, фото жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

«Әлішер Қайдаровтың бағы тағы бір сәбимен толығады», -  деп жазды ол.

Желі қолданушыларының көпшілігі сәбидің қыз екенін айтып, аман-есен өмірге келуін тілеген.

Айсәуле Бақытбектің екі баласы бар. 

Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова желіде 15 күннен кейін тағы қызды болғанын айтып, жұртты таң қалдырған болатын.