Сот пранкты тоқтатпаған жастардың бірін әкімшілік қамауға алып тынды

Ulysmedia

Осыдан бірнеше күн бұрын метрода музыкалық колонкадан ән дыбысын қатты шығарып, жұртты шошытқан пранкерлер «жаңа өнерімен» көзге түсті. Бұл жолы да полиция оларға қатысты іс қозғады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласының полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың жазуынша, жас жігіттер бұл жолы өрт сөндіргіш ұнтақты шашып, көшедегі жұртты шошытқан. Пранкқа қатысқан 1999 жылғы Әлиакбаров мен 2002 жылғы Армияновтың, одан бөлек оператрдың ісі әкімшілік кодекстің 434 бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) сараланған.

«Армиянов бұдан бұрын да метрода музыкалық колонкамен пранкқа қатысып, дәл сол бап бойынша жазаланған», - деді Рүстем Әбдірахманов.

Пранкерлердің бұл жолы да айыппұл арқаламай бірден әкімшілік қамауға алыныпты. Сотқа жолданған іс бойынша Әлиакбаров әкімшілік қамауға алынған. Ал Армияновтың әрекеті әлі тергеліп жатыр.