×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Еуро одақ Ресейдің бұғатталған ақшасын Украинаны қысқа дайындауға жаратпақ

19.09.2024, 17:13
Еуро одақ Ресейдің бұғатталған ақшасын Украинаны қысқа дайындауға жаратпақ
Коллаж Ulysmedia.kz

Еуроодақ Украина энергетика саласын қысқа дайындау үшін 160 млн еуро қаржы бөледі. ВВС мәліметінше, қаражаттың 100 миллионы Ресейдің Еуропада бұғатталған активтерінің табысынан алынбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ҚЫСҚА БІРГЕ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ 

«Екі аптадан кейін жылыту маусымы басталады. Күннің салқындаумен қатар Еуропа одағы Украинаға көмегін арттыруға дайын. Қысқа бірге дайындаламыз. Осы пресс-конференциядан кейін Киевке аттанып, мәселені президент Владимир Зеленскиймен жеке талқылаймын» деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.

Оның сөзінше, соғыс басталғалы бері Украина энергетикалық инфрақұрылымының жартысы қираған. Бұл – Балтық жағалауындағы үш елдің энергожүйесінің қоса алғандағы қуатына тең. Осы уақыт аралағында ЕО Украинаға электробекет, трансформатор мен электр желілерін қалпына келтіруге 2 млрд еуродан астам қаржы берген.

 

РЕСЕЙ ҚИРАТҚАН НӘРСЕСІНЕ ЖАУАП БЕРУІ КЕРЕК 

«Бүгін осы қысқа дайындалуға тағы 160 млн еуро беретінімізді мәлімдеймін. 60 млн гуманитарлық көмек жабдықтар мен паналайтын орындарды жылытуға беріледі. 100 млн жөндеу мен жаңартылатын энергия көздеріне беріледі. Бұл ақша бұғатталған ресейлік активтердің табысынан бөлініп отыр. Өйткені бұл – әділ, Ресей қиратқан нәрсесіне жауап беруі керек» деді ол.