14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа тартқан күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қалижан Бектемір

Бас прокуратура 14 жастағы қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен азаматты Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Дереккөзге сүйенсек, ол 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкентте пәтер жалдап, 14 жасар қыз баланы жыныстық қатынасқа тартқан.

Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол биыл сәуір айында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында жүрген жерінен ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдаған, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті тергеу изоляторына қамалған.