COVID-19-дың жаңа «омикрон» штамы қаншалықты қауіпті

Ulysmedia

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Оңтүстік Африкада анықталған ең жаңа COVID-19 B.1.1.529 штаммын қауіпті деп таныды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

lenta.ru-дың мәліметінше, ДДҰ сарапшылары коронавирустың жаңа түрі оның таралуымен күресіп жатқан елдерге қауіп төндіруі мүмкін екендігін айтты.

Ұйымның мәліметінше, B.1.1.529 вирусы бірқатар мутациялардан кейін ағзадағы ақуыздың құрамына әсер етуі мүмкін. Мұндай өзгерістерден кейін қазіргі вакциналар тиімді болмауы мүмкін.

Сондай-ақ, ДДСҰ омикрон нұсқасы өзінің алдындағыларға қарағанда тезірек таралады деп болжайды. Оңтүстік Африкада болған жағдай осыған дәлел. Жаңа штамм әлемдегі адамдардың көбіне, соның ішінде коронавирустан емделгендерге де жұғуы мүмкін. Ұйым барлық елдерді коронавирустың жаңа нұсқасын зерттеуге көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Бұл штамм таралу жылдамдығының жоғары болуымен, сондай-ақ вируленттіліктің жоғарылауымен немесе аурудың клиникалық көріністерінің өзгеруімен сипатталады.