Әнші Александр Градский қайтыс болды

Ulysmedia

Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «112» Telegram-арнасы жазды.

Әнші 72 жаста еді. Ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. 

Бұған дейін Градский инсульт алып, Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған еді. Ол үйінде өзін нашар сезінген. 

Александр Градский – ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Градский – орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Марқұм көзі тірі кезінде «Градский Холл» театрын басқарды.