НАТО Ресеймен соғыса қалған жағдайға деп жоспар әзірлеуді бастағаны хабарланды

Ғалиасқар Думан

НАТО Ресеймен ықтималды соғыс жағдайына байланысты майдан даласынан жаралыларды экакуациялау жоспарын дайындап жатыр. Бұл туралы әскери альянстың логистика бойынша ганерал-лейтенанты Александр Золльфранк мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz немістің Dw.com басылымына сілтеме жасап.

Фото: Frederic Kern/Geisler-Fotopress/picture alliance

ЭВАКУАЦИЯЛАУ

Золльфранктың сөзінше, мұндай соғыс бола қалса, онда ол кең аумақты алып, НАТО үшін елеуші адам шығынын келтіреді. Ол Ресей әуе-ғарыш күштерінің кең мүмкіндігінің салдарынан жаралыларды эвакуациялау қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтіп, санитарлық пойыздарды қолдану ең оңтайлы амал болатынын жеткізді.

Сонымен қатар ол НАТО-ның медициналық ережелерінің унификациясының маңызына тоқталды.

“Әскери-медициналық Шенген құру шешімдердің бірі болуы мүмкін. Ол ауыр жарақат кезінде ауырсынуды басатын әсері қатты препараттарды еркін тасымалдауға мүмкіндік береді.” дейді ол Daily Mail берген сұхбатында.

ӘСКЕРИ ҚИМЫЛДАР

Золльфранкт медициналық эвакуацияны жоспарлау ықтималды соғысқа әзірліктің тек бір элементі деп санайды. Оның айтуынша, 2024 жылғы 22 қаңтар мен 31 мамыр аралығында 1988 жылдан бергі ең үлкен оқу-жаттығу жиыны өткен. Оған 9 мыңнан астам әскери, 50 кеме, 80 ұшақ, тікұшақ пен пилотсыз құралдар мен 1100 әскер көлік қатысқан. 

“Бұл маневрлар Ресейдің ықтималды агрессиясына дайындықтың бір бөлігі болды, ол тұтас Еуропаны, оның ішінде Ұлыбританияны, Германия, Венгрия, Грекия, Польша, Финляндия, Швецияны қамтыды” дейді генерал.

Бұған дейін Германия қорғаныс министрі Борис Писториус батыс елдері алдағы 3-5 жылда Ресеймен соғысуға белсенді түрде дайындалуы керек деп мәлімдеген.

УКРАИНАДАҒА СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда Донбасстағы орыс тілді азаматтардығ құқығын қорғау желеуімен Украинаға басып кірген. Кремль басқыншылықты “арнайы операция” деп атайды. Соғыс басталғанда Путин Киевті 3 күнде басып аламыз деп ойлағаны туралы ақпарат тарады. Алайда соғыстың жүріп жатқанына 3 жылға таяп қалды.