Солтүстік Қазақстанда тағы 141 ауыл жабылады

Қалижан Бектемір

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі бірнеше ауыл таратылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: петропавловск.news

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биыл 59 ауылда 77 жобаны іске асыруға 14 млрд теңгеге жуық, оның ішінде шекарадағы 15 ауылға 27 жобаны іске асыру үшін 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Жобаны іске асыру 160 мыңнан аса ауыл тұрғынын және 1,1 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды модернизациялау жоспарланып отыр, - деді әкімнің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

5 АУЫЛДЫҢ ХАЛҚЫ 10 АДАМНАН АЗ

Оның айтуынша, ауылдарды тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес, ауыл санатына халқының саны 50 адамнан кем емес елді мекендер кіреді. Ал облыста 50 адамнан аз тұрғыны бар 141 ауыл бар. Оның ішінде 45 ауылдың халқы – 10 адамнан аз, 7 ауылдың халқы жоқ. Олар сәйкесінше таратылуға жатады. Бүгінде ол ауылдарды тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл басқару сапасын жақсартуға және бюджет қаражатын болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға септігін тигізеді, - деп түсіндірді әкім орынбасары.