Коронавирус инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомство аралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
- «ОМИКРОН» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер - Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
- «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс. Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
- Бельгияда, Египеттен келген адамнан «Омикрон» штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
- ҚР-да айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.