Атырау облысында үшем дүниеге келді

Сырым Қаржас

Құрманғазы ауданының тұрғыны Арай Ерғалиева үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелерді үшеуі де ұл бала, деп хабарлайды Ulysmedia.kz портал өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында.

- Балаларға Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет деп ат қойдық. Отбасымызға осындай қуаныш сыйлаған келінімізге үлкен рахмет. Үйде олардыкүтіп отырған үлкен әжесі мен екі бауыры бар, - деді үшемнің атасы Исбергенов Салық. 

Нәрестелерді үйге шығару рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен облыстық перинаталдық орталық директоры Қазбек Ермағамбетов қатысты.

- Орталықта 2024 жылдың 25 қыркүйегінде үшемдүние есігін ашты. Осы уақытқа дейін анасы мен балалары дәрігерлердің бақылауында болды. Денсаулық жағдайлары жақсы, - деді Қ. Ермағамбетов. 

Денсаулық сақтау басқармасы нәрестелерге балалар арбасын сыйға тартты.  

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста екінші рет үшем туған.