"Оқушыға қырындап, ұясыз хат жазған": Астанада мектеп мұғалімі істі болып жатыр

Ілияс Бақыт

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көптің талқысына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Оқиға Астанадағы №32 мектепте болған. Желідегі видеолардан белгілісі сондағы ата-аналар тарих пәні мұғалімінің үстінен шағымданған. Себебі мұғалім оқушыларды қорлап, оларға ұясыз хабарламалар жіберген.

Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалім мектепте осы жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеп, сынақ мерзімінде болған.

"Мектептің тәртіптік комиссиясының 30 қыркүйектегі шешімі бойынша педагог Еңбек кодексінің 52-бабы, 14-тармағы бойынша" тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін әдепсіз теріс қылық жасауы "бойынша жұмыстан шығарылды", - деді басқарма.

Астана полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.