Қостанайда полиция плакатына балағат сөздер жазған қызға 185 мың теңге айыппұл салынды

Қалижан Бектемір

Қостанайда учаскелік полиция инспекторының плакатына балағат сөздер жазған 21 жастағы қызға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

НЕ ЖАҒДАЙ

Полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақырау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін, қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен жазу жазғанын көруге болады.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады, – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қызға ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады.