Скриптонит пен Jah Khalib Ресейдің "қара тізіміне" енді

Ілияс Бақыт

Қазақстандық рэперлер Скриптонит пен Jah Khalib Ресейде "тыйым салынған әртістер" тізіміне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

фото: offside.kz

“ҚАРА ТІЗІМІ” ЖАҢАРДЫ

Кремль Украинадағы соғысқа ашық қарсы шыққан жұлдыздардың "қара тізімін" үнемі жаңартып келеді. Жаңа тізім "Верстка" басылымының қолына түскен.

ТІЗІМДЕ ШЕТ ЕЛДІК ЖҰЛДЫЗДАР ДА БАР

79 адам мен топтың аты жазылған тізімге Путинді жақтаушылар мен саясаттан тыс әртістер іліккен. Олардың арасында шетелдік жұлдыздар да бар, мысалы, Beyonce және Lana Del Rey. Бұл тізімге қазақстандық реперлер Скриптонит пен Jah Khalib те енген. Айта кетейік аты аталған қос жұлдыз ТМД аумағында кең танылған. 

ЖАРНАМАЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

“Верстка" сөйлескен дереккөздердің айтуынша, жаңа тізім жарнамамен айналысатын және іс-шара ұйымдастыратын агенттік қызметкерлеріне жіберілген. Солардың бірінің айтуынша, тізімге енген әртістердің әнін жарнама науқандарында, ал жұлдыздардың өзін ресейлік брендтерді жарнамалауға пайдалануға тыйым салынған.