Украинаны оккупацияланған аумағымен де НАТО-ға қабылдауға болады – Столтенберг

Сырым Қаржас

НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Столтенберг Украинаны оккупацияланған территориялармен де одаққа қабылдауға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Униан ақпарат көзіне сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

Мысал ретінде ол Ресей бақылауындағы Курил аралдарына қолданылмайтын АҚШ-тан қауіпсіздік кепілдігі бар Жапонияны атады.

– Ерік болса шешім табудың жолдары бар. Бірақ 5-баптың қай жерде қолданылатынын анықтайтын шекара қажет және Украина осы шекараға дейінгі бүкіл аумақты бақылауы керек, - деді Столтенберг. 

Сондай-ақ, саясаткер Украинадағы соғысты реттеу АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін басталуы мүмкін деп мәлімдеді, өйткені сол тұста "жаңа серпін болады".

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға басып кіргелі екі ел әлі күнге дейін соғысып жатыр.