Өзбекстан Африка елдерімен әуе қатынасын тоқтатады

Ulysmedia

Өзбекстан коронавирустың омикрон штамына байланысты Африканың 9 мемлекетімен және Гонконгпен әуе қатынасын шектейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, бұл шектеу желтоқсанның 3-і мен қаңтардың 10-ы аралығында сақталады. Жаңа штамм Өзбекстан аумағында анықталған жоқ. Дегенмен коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі арнайы комиссия сақтық шараларын күшейтуді жөн санаған.

Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Нидерланд, Чехия және Египеттен келген жолаушылар 10 күнге өз қаржысы есебінен оқшаулануы тиіс. Шетелден Өзбекстанға келгендер 72 сағатқа жарамды ПТР-сынамасының теріс нәтижесін көрсетуі қажет. Тиісті құжат болмаған жағдайда әуежайда, вокзалда немесе шекара өткізу бекетінде экспресс-тест тапсыру міндеттеледі.