Орақ науқаны. Елде 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды

Ғалиасқар Думан

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15  млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидай 12,1 млн га алқапта жиналған, өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылған. Арпа –  2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна жиналса, сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна орылған. 

“Ағымдағы жылы майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 105,3 мың га жиналды, өнімділігі 259,3 ц/га болған кезде 2,7 млн тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн тоннадан асты” делінген АШМ хабарламасында.

Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құраған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.