Meta Қытайдың жаппай COVID-19 туралы жалған ақпарат таратуына байланысты Facebook және Instagram желілерінде пайда болған жүздеген парақшаның жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Компания қараша айында жалған ақпарат таратқан 524 Facebook аккаунтын, 86 Instagram аккаунтын, 20 Facebook парақшасын және төрт Facebook тобын жойғанын мәлімдеді. Бұл ақпараттық желі Қытайда орналасқаны және кейбір аккаунттар қытайлық Sichuan Silence Information Technology IT компаниясында жұмыс істейтін адамдармен, сондай-ақ Қытайдың мемлекеттік инфрақұрылымдық компанияларына қатысты адамдармен байланысты екені атап өтілген.
«Бұл желі Қытайда пайда болды және АҚШ пен Ұлыбританиядағы ағылшын тілді аудиторияға, сонымен қатар Тайвань, Гонконг және Тибеттегі қытай тілді аудиторияға бағытталған», - деп жазды Meta басшылары Натаниэль Глейхер, Бен Ниммо, Дэвид Агранович және Майк Двилянски.
Meta әшкерелеген COVID-19 дезинформациялық науқаны жалған швейцариялық биолог Уилсон Эдвардстың айналасында болды. Есепке сәйкес, Эдвардс АҚШ COVID-19 пандемиясына Қытайды кінәлауға тырысады деген жалған ақпарат таратқан. Жалған мәлімдеме тамыз айында Уилсон Эдвардстың өмірде жоқ, жалған кейіпкер екені анықталғанға дейін бірнеше апта бойы бақылаусыз тарады.