«Қарсы болған жоқпын»: АЭС құрылысына былтыр күмән келтірген «Самұрық-Қазына» басшысы биыл не дейді

Аян Өрібай

Сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповқа қойды.

Ulysmedia коллажы

ЖАҚЫПОВ НЕ ДЕЙДІ

Maqsut Narikbayev университетіне студенттер алдында сөйлеген қор басшысына жиыннан кейін журналистер жақындап сұрақ қойған. АЭС-ке қатысты сұраққа ол былай жауап берді.

– Біріншіден, былтыр мен бұл мәселе жан-жақты талқылануы керек деп пікір білдірдім. Мен қарсы болған жоқпын. Бұл мәселені жан-жақтан әзірлеуіміз керек деп айттым. Екіншіден, 6 қазанда ұлттық референдум өтті. Сол референумдум шеңберінде қазақ елі жағымды шешім қабылдады. Сондай-ақ біз мемлекет ретінде атом электр станциясын салатын боламыз. Өкінішке қарай, бұл мәселе Самұрық-Қазынаның құзіретіне жатпайды. Бізде Энергетика министрлігі бар. Тиісті шаралар қазіргі таңда жүргізілуде. Сонымен қатар, провайдерлер технологиясы тәсілі бойынша қосымша ақпарат болады.

Біз Қазақстан атом электр станциясы деген еншілес компаниясы бар. Реттеуші тиісті тәсілдердің жан-жақты қарастырады. Содан кейін бекітеді. Бұл тәсілдерге сәйкес, біз тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз.

БЫЛТЫРҒЫ ПІКІРІ

Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын жоспарлаудағы қиындықтар туралы былтыр шілдеде бір жиында айтып берген еді. Ол электр станциясы үшін қазіргі қазақстандықтардың балалары төлейтінін мәлім еткен.

– АЭС талаптарының бірі – үлкен су қоймасының болуы. Мен есептерді оқып жатырмын, Каспий жағадан кетіп жатыр, Балқаш та таязданып барады. Егер біз қазір орынды таңдап, атом электр станциясын салық қойсақ, 10 жылдан кейін су тағы 10 метрге шегінеді. Сонда не болады? Біз ылғи өзгеретін жағдайда жұмыс істейміз. Дарвин айтқандай: "ең мықты емес, ең жылдам бейімделетіндер ғана аман қалады". Біз жай ғана шешім қабылдай алмаймыз.

Станцияның құны миллиардтаған долларды құрайды. Мүмкін ондаған. АЭС өзін-өзі ақтауы үшін тариф қандай болуы керек? Біз мемлекет ретінде осындай тарифті тарта аламыз ба? Бәріміз жарықты қолданамыз, ұялы телефондарымызды қуаттаймыз, Интернетке кіреміз, теледидар көреміз. Ал егер ертең атом электр станциясын салсақ, онда электр энергиясының құны қандай болады? Мұнда сіз барлық факторларды ескеруіміз керек. Бұл жерде біз өзіміз үшін осы қымбат ләззатқа қол жеткізуге дайын екенімізді түсінуіміз керек", - деп атап өтті Жақыпов.

Соған қарамастан, қор басшысы елде электр қуатының тапшылығы бар екенін және бұл туралы бірдеңе істеу керек екенін мойындаған.

РЕФЕРЕНДУМ

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдум болып өткен еді. Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, референдумда АЭС-тің салынуын қолдағандар – жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам. АЭС салуға қарсы дауыс бергендер саны 2 045 271 адам. 

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, АЭС бойынша техникалық қамту құжаттарын дайындауға бір жыл, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бір жарым жыл кетеді. Содан кейін құрылыс басталады. Алайда Скляр нақты мерзімдерді айта алған жоқ.

Халықтың бұл шешімінің ерекшелігі неде? АЭС-ті енді кім салады? Ulysmedia.kz осы сұраққа үңіліп көрген еді.