Полицей болған соң қамалмады: Шымкентте тәртіп сақшысы мас күйде көлік жүргізген

Қалижан Бектемір

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полиция қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қаралып, оны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Бұл шешімге сотталушының 2024 жылғы 29 қыркүйекте масаң күйде Toyota Corolla көлігін басқаруы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: taomed.by

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Алайда оның кінәсі бейнежазбалар және медициналық куәландыру қорытындылары арқылы дәлелденді.

СОТ ҮКІМІ

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, масаң күйде көлік жүргізу жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыруды және он бес тәулікке қамаққа алуды қарастырады. Дегенмен, сот Т.Ж.-ның полиция қызметкері екенін ескере отырып, оған қамаққа алу жазасын қолданбады, бірақ оны көлік басқару құқығынан айырды, – делінген хабарламада.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін талдықорғандық экс-полицейді жыныстық зорлық көрсетті деп айыптаған қыз үйқамаққа алынғанын жазған едік.