Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

Қалижан Бектемір

13 қазан – бүгін таңертең Якутияда Ан-3 АК «Бонус» ұшағы құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Саха Республикасы ТЖМ баспасөз қызметі оқиға Олекминск қаласынан 1,5 шақырым жерде болғанын мәлім етті.

Жарияланған фотосуретке қарағанда, ұшақ орманды алқапқа құлаған.

Якут құтқарушыларының айтуынша, бортта бес адам болған: үш экипаж мүшесі және екі жолаушы. Жолаушылардың бірі қайтыс болды.