10 кг есірткі. ҰҚК тағы бір қылмыстық топты әшкереледі

Әлихан Асқақ

ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Олардан 10 кг жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық зат пен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды