Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Қалижан Бектемір

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде Ұлттық банктің ресми деректері бойынша доллар бағамы 485,11 теңге, еуро – 523,82 теңге, рубль 5,02 теңгеге саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 484,91 теңге, сату бағамы 489,85 теңге.

Еуроны орташа сатып алу бағамы 522,99 теңге, сату бағамы 528,98 теңге. Ал рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,97 теңге, сату бағамы 5,07 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 486,27 теңге, сату бағамы 488,37 теңге. 

Еуроны орташа сатып алу бағамы 524,47 теңге, сату бағамы 528,29 теңге болса, рубльді сатып алудың орташа бағамы – 4,99 теңге, сату – 5,08 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 486,67 теңге, сату бағамы 488,02 теңге.

Еуроны орташа сатып алу бағамы 524,37 теңге, сату бағамы 528,82 теңге. Ал рубльді орташа сатып алу бағамы 4,99 теңге, сату бағамы 5,05 теңге.