×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Шымкент перзентханасында жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен сәбиі аман қалды

26.10.2024, 18:24
Шымкент перзентханасында жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен сәбиі аман қалды
Ашық дереккөзден

Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентхана бөлімі дәрігерлері жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жағдайы күрт шаралаған жүкті әйел қаладағы №2 аурухананың перзентхана бөліміне шұғыл жеткізілді.

«Жүкті әйел ауруханаға көп мөлшерде қан кетіп, үшінші дәрежелі геморрагиялық шок күйінде түсті. Ота жасау кезінде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық медбикелер және трансфузиологтардан тұратын дәрігерлер тобының үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында оны аман алып қалды. Қанды тоқтату үшін ота жасалып, нәтижесінде науқастың өміріне төнген қауіп сейілді», делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбиінің жағдайы тұрақты және олар жақында үйіне шығарылады.