АҚШ билігі Бейжің олимпиадасына бойкот жариялады

Ulysmedia

Халықаралық олимпиада комитеті бұл шешімге құрметпен қарайтындықтарын мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia. 

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шетелдік БАҚ жазғандай, Қытай астанасы Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дүйсенбіде Америка құрама штаттары дипломатиялық бойкот жариялағанымен, яғни елдің ресми өкілдері ойындарға бармайтын болғанмен, спортшылардың өздері жарыстарға қатыса алады.

«Үкімет шенеуніктері мен дипломаттарының олимпиадада болу-болмауы - бұл ХОК саяси бейтараптылықты сақтай отырып, толық құрметтейтін әр үкіметтің таза саяси өз шешімі. АҚШ билігінің мәлімдемесі Олимпиада ойындары мен спортшылардың оларға қатысуы саясаттан тыс екенін анық көрсетеді және біз оны құптаймыз», - делінген ХОК мәтінінде.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.