Жылусыз қалған Ақтау: құбырлар 12 жерден жарылған

Сырым Қаржас

Ақтауда жылу желілері 12 жерден істен шыққан, әкімдік жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын барынша жеделдетуге тырысқанымен, ол қолдан келмей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz

3-шағын аудандағы №45, 8-шағын аудандағы №14, 15-ші шағын аудандағы №18, 22-ші шағын аудандағы №10Б, 11-ші шағын аудандағы №7 үйлерді қоса алғанда, бірнеше аумақта жұмыстар жүргізілуде.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, желдің ұйытқуына қарамастан, тұрғын үйлерге жылу беру жалғасып жатыр. Бірақ дұрыстауды қажет етеді.

Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақов басқарушы компанияларға жылумен жабдықтауды реттеу үдерісіне бақылауды күшейтуді тапсырды. Ол жылыту радиаторларында ауа жиналуы немесе клапандардың жабық күйінде қалуы мүмкін екенін атап өтті, бұл жылу беруде үзіліс тудыруы мүмкін.

«Тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін баптау жұмыстарының барысын қадағалау қажет», – деді әкім.

Бұған дейін Ақтау тұрғындары әлі де жылу мен ыстық суға жарымай отырғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Ақтаудағы 39-ықшамауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап еткен. Олар пәтерлердегі суыққа шағымданбақ болған.