213 террорист: Ердоған лаңкестер туралы не деді

Ілияс Бақыт

Түркия Ирак пен Сирияда арнайы операциялар өткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯ

Анкара маңында болған террорлық шабуылдан кейін Түркияның қарулы күштері Ирак пен Сирияның солтүстігінде арнайы операция жүргізген. Онда террористік ұйымға тиесілі 470-ке жуық нысанға шабуыл жасалып, 213 террорист жойылған. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

ЕРДОҒАН НЕ ДЕДІ?

"Біз терроризмді жою стратегиясынан ешқашан шегінбейміз. Біз террористерге қарсы операцияларымызды жалғастырамыз – еркін Түркия үшін", – деді Ердоған.

Ердоған Түркия 40 жылдан бері қудалап келе жатқан бұл мәселеден міндетті түрде құтылатынын айтты және терроризмнің Түркиядағы саясатты басқарудың құралы ретінде пайдаланылып келе жатқанын атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Түркияда теракт болып, 4 адам қаза тауып, 14 адам жараланған.

Түркиялық A Haber телеарнасының мәліметінше, шабуылдаушылар нысанға кірмек болғанда, күзетшілер кедергі келтірген. Осыдан кейін жарылыс болып, атыс басталған.