94 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін: болашақта қай мамандықтар жойылады

Ілияс Бақыт

2027 жылға қарай Еуропада 83 миллион жұмыс орны жойылады, мұның негізгі себебі жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект болмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ulysmedia/ЖИ

94 МИЛЛИОН АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Бұл туралы басылым Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамдарына сүйеніп хабарлады.

2030 жылға қарай 94 миллион еуропалық жұмысшы автоматтандырудың дамуына байланысты қайта оқытуды қажет етеді.

ҚАЙ САЛАЛАРҒА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР?

Жасанды интеллекттің дамуы қызметкерлерге ең көп қауіп төндіретін салалар анықталды:

  • Қонақ үй және қоғамдық тамақтану қызметтері (94 пайыз)
  • Өнер (80 пайыз)
  • Сауда (68 пайыз)
  • Құрылыс (58 пайыз)
  • Транспорт және логистика (50 пайыз)

"Зерттеушілер 2030 жылға дейін 21 миллион адам мамандықты ауыстыруы мүмкін деп қорытынды жасауда. Олардың көпшілігінде жоғары білім жоқ", – деп көрсетілген материалда.

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жақын жылдары басқа бағыттарда да жұмыс орындарының елеулі өсімі күтілуде: шамамен 69 миллион жаңа вакансия пайда болады.

Бірақ Еуропада бұл жұмыс орындары тең дәрежеде бөлінбеуі мүмкін. Еуропалықтардың 40%-ы қысқарып жатқан еңбек нарығы бар аймақтарда тұруы мүмкін. Зерттеуде осы аймақтарды қолдау үшін қашықтан жұмыс істеуді ынталандыру ұсынылған.

"Қазіргі уақытта Еуропада еңбек өнімділігі бірнеше еңбек нарығына шоғырланған, мысалы, Амстердам, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Мюнхен және Париж", – делінген материалда.

Бұл қалаларда Еуропа тұрғындарының тек 20%-ы тұрады, бірақ олар Еуропа ЖІӨ-нің 43%-на, таза жұмыс орындарының 35%-на және 2007 жылдан 2018 жылға дейінгі халықтың өсуінің 40%-на жауап береді.

ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ЕУРОПА

Екінші жағынан, шығыс және оңтүстік Еуропада қысқарып жатқан еңбек нарығы – 438 өңір бар, онда 30% халық тұрады. Бұл өңірлер "жұмыс күші азаюы, қарт тұрғындар және төмен білім деңгейімен" сипатталады.