Шымкенттік 16 жасында 6 жылға сотталып кетуі мүмкін

Әлихан Асқақ

16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Жасөспірімді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды. Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.