Қазақстан түрмелерінде қанша шетелдік отыр

Әлихан Асқақ

Қазақстанда 1 085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Олардың 527-сі Өзбекстан, 234-і Ресей, қалғандары Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан азаматтары.

Сенат отырысында Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы шартты ратификацияланды. Бірақ біздің елдегі түрмелерде ВСР азаматтары жоқ.

Сондай-ақ Ғалымжан Қойгелдиевтен журналистер сенат кулуарында Қытайда сотталып, түрмеде отырған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатқанын сұраған.

ҚОЙГЕЛДИЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Бұл жұмыс тоқтаған жоқ. Белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жақында бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенем. Бұл бағытта жұмыстар оңай емес», – дейді ол.

Оның сөзінше, Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр.