Танымал кәсіпкер Дана Қанапина өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астаналық кондитер және кәсіпкер Дана Қанапина десерттерінің арқасында танымал болған кондитерлік дүкендер желісін құрған. Ол – кондитерлік өнердің шебері ретінде ғана емес, сонымен қатар, бизнеске деген көзқарасымен және жергілікті аспаздық мәдениетті дамытуға деген ұмтылысымен танымал болатын. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген.
Дана Қанапинаның Instagram-парақшасында жерлеу рәсімі 3 қарашада Астанада өтетіні жазылған.
Дана Қанапина сырқаттан қайтыс болғаны белгілі. Бұған дейін ол әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде онкологиялық ауру туралы ойын білдірген.