ІІМ Астанаға кіреберіске қойылған полиция бекетері қашан алынатынын айтты

Әлихан Асқақ

ҚР Ішкі істер министрлігі Астана кіреберісіне қойылған полиция бекеттерінің жұмысы жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген тәртібіне ауыстырылған. Сол кезде қалаға кіреберісте стационарлық бекеттер жұмысын бастады. Бұл ретте онда құжаттар, автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілді. Сонымен қатар, қазіргі кезде олар (бекеттер) жұмысын жалғастырып жатыр, – делінген министрлік ақпаратында.

Естеріңізде болса, ШЫҰ саммиті биыл 3-4 шілдеде өтті. Осыған орай, террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілген болатын.