Ресейде «омикрон» анықталды – Қазақстан шекараны жаба ма

Аян Өрібай

Бұл сұрақты Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Әлемде коронавирустың түрлі штамы тарап жатыр. Сол себепті бұл жерде көрші мемлекеттерде жаңа штамдардың пайда болуына жіті қарап, абай болу керек. Алайда біз қазір ресейлік әріптестерімізбен байланыста отырмыз. Мониторинг жүргізіліп жатыр. Егер ол жақта аталған штам ол елдің ішінде жаппай тарап кетсе, әлбетте, тиісті шараларды қабылдаймыз», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, елде қазіргі уақытта індет жұқтыру деңгейі төмендеген.

«Бізде жағдай жақсарып келеді. Соңғы айда жұқтырушылар саны екі есе азайды. Жедел жәрдемге хабарласушылар да, ауруханада жатқандар да азайды», - деді ол.