«Тұз сасыса не себесің?» 9 айда 21 судья жауапқа тартылған

Әлихан Асқақ

Қазақстанда 9 ай ішінде 21 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

2024 жылдың тоғыз айында сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 21 судья жауапқа тартылды, – деді Сисенова Сенат отырысында.

Оның айтуынша, 2023 жылдың осы кезеңінде тоғыз судья жауапқа тартылған.

Сондай-ақ бүгін Ұлытаулық шенеуніктердің 2,6 млдр теңгеге жариялаған конкурстарынан шикілік шыққаны хабарланған.