Цой: Қазақстанда «омикрон» штамы тіркелген жоқ

Ulysmedia

Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторингті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Мәселен, коронавирустың «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирустың «Омикрон» штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді. Коронавирустың «Омикрон» штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ», - деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қазақстанның барлық өңірінде алынған оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасып жатыр.