Жамбыл облысындағы адам өлімі: Қордайда 17 жастағы қыздың денесі табылды

Сырым Қаржас

Жамбыл облысының Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

– Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, – делінген полиция департаменті хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда денесінде зорлау белгілері бар екі әйелдің денесі табылған еді. 

Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар 28 жастағы күдікті ұсталғанын хабарлағанбыз.