Діни экстримизмді насихаттаған 5 күдікті ұсталды

Әлихан Асқақ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысу белгілері бойынша 17 адамға «шығуға болмайтындығы туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген – делінген ҰҚК баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.