Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Қалижан Бектемір

Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: URA.Ru

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратты.

2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұстады, – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.