Одессадағы «Шахед» дрондарының шабуылынан бір әйел қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Ресейдің «Шахед» дрондары Украинаның Одесса қаласына шабуыл жасап, бір әйел қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: ВВС

ШАБУЫЛ САЛДАРЫ

Шабуылдың алғашқы салдары руралы Одесса облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Кипер өзінің телеграм-каналында хабарлады.

«Одессаға ұшқышсыз соққы дрондарының шабуылы нәтижесінде бір әйел қайтыс болды, кемінде екі адам жараланды», – деп жазды Кипер.

Шабуыл барысында тұрғын үйлер, шіркеу және көліктер зардап шеккен, бірнеше жерде өрт шыққан.

Сонымен қатар, Одесса мэрі қалада жылыту желілері мен бір қазандық істен шыққанын хабарлады.

Одессадағы телеграм-каналдар шабуыл кезінде және одан кейін қалада кемінде төрт қатты жарылыс пен бірнеше өрт болғанын жазды. Жарылыстардың дрондардың тікелей соққысынан немесе атып түсірілген дрондардың құлауынан болғаны әзірге белгісіз.

СОҒЫСТАН СОҢҒЫ АҚПАРАТТАР

Бұған дейін Зымыран соққысы қаупіне байланысты Украинаның бірнеше өңірінде жарық сөндірілген.

Украина Сыртқы істер министрлігі Киев ядролық қару әзірлеп жатпағанын және болашақта да әзірленбейтінін мәлімдеді.

Оның алдында АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Ведант Пателдың айтуынша, Солтүстік Кореядан Ресейдің қарулы күштеріне көмектесу үшін жіберілген сарбаздардың басым бөлігі Курск облысында  Ресей әскерімен бірге соғыс операцияларына қатысып жатыр.

Мұны New York Times-та жазған. Балысым Ресей әскері Курск облысын толық бақылауға алу үшін шамамен 50 мың әскер жинағанын жазған.