Астанада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қаза тапты

Қалижан Бектемір

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz,

Фото: ТЖМ

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты” делінген хабарламада. 

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

КӨМЕК

Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде, - дейді Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Астана әкімдігі зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілетінін айтты. 

“Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетілед” делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында әйел баласымен бірге тірідей өртеніп кеткенін жазған едік.