Билік мәслихат депутаттарының құзіреттерін қалай арттырғалы отыр

Сырым Қаржас

Үкімет бұған дейін жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын әзірлеп, мәжіліс қарауына енгізген. Заң жобасы арқылы билік өкілеттіктері мен функцияларын кеңейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Заң жобасы 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформаға байланысты кері қайтарылған. Соның нәтижесінде азаматтардың мемлекет қызметіне қатысу тетіктері едәуір кеңейтілген дейді Үкімет сенаторларға берген жауабында. 3 қазанда осы заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысын алуға (бұдан әрі – қорытынды) жіберілген.

Заң жобасында мынадай түзетулер қамтылған:

  • мәслихат төрағасы мен мәслихат аппаратының басшысы өкілеттіктерінің ара жігін ажырату;
  • мәслихат депутатына заңнамада белгіленген нормалар бойынша іссапар шығыстарын төлеу не іссапарға жіберілген жағдайда қызметтік автокөлік беру; 
  • мәслихат депутатының жазбаша сұрау салуын енгізу және оны мәслихат сессиясында оны жария ету бөлігінде депутаттық сұрау салудың мәртебесін арттыру;
  • санитариялық тазарту қағидаларын бекіту бөлігінде мәслихаттың құзыреттерің кеңейту, әкімнің халықпен есептік кездесуінде көтерілген әкімдіктердің проблемаларды шешу мониторингі, азаматтарды тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтардың сақталуын, пайдаланылуын, жөнделуін, абаттандырылуын жақсарту мәселелерін шешуге тарту.

Бүгінгі күні үкімет қорытындысы президент әкімшілігінің қарауында жатыр.