Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады

Қалижан Бектемір

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтары аралығында демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

МИНИСРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Министрлік 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Жұма – 3 қаңтардағы жұмыс күні 5 қаңтарға ауыстырылды. 

Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5-6  қаңтар жұмыс күні. Сейсенбі 7 қаңтар демалыс. Әрі қарай әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейміз. Бұл демалыс күндерін ауыстыру жұмыс уақытын тиімді бөлуге және демалыс үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Еңбек министрлігі. 

МҰСЫЛМАНДАР МЕРЕКЕЛЕРІНІҢ КҮНТІЗБЕСІ

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалатынын жазған едік.

Қазақстанда 119 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің саны бойынша ең "ұзақ" ай наурыз – 14 күн, ал ақпан мен сәуір демалыс күндері (8) ең аз ай.

Бұған дейін ҚМДБ 2025 жылы мұсылман мерекелерінің күнтізбесін жариялаған болатын. Алайда мамандар діни мерекелердің нақты күндерін жаңа айдың келуіне байланысты бір күн бұрын немесе кейінірек кейінге қалдыруға болатынын ескертеді.