Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден озды

Сырым Қаржас

Белгілі қазақстандық виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желілерде хабарлады. Музыкант 38 жаста еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желісінен

– Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болып, шамам келгенше қолдап жүрген едім, - деп жазды стористе туысы Айжан Түгелбаева.

Расталмаған ақпарат бойынша Болатпен жазатайым оқиғаға ұшыраған.

Қазақстандық виолончелист және вокалист Болат Тыныбеков Ресей, Түркия және Чехиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты болды. Ол Альберт холл (Лондон), Концертхаус (Берлин), Тонхалле (Цюрих), Виктория холл (Женева), Барбикан холл (Лондон) және Кадоган холл (Лондон) сияқты залдарда өнер көрсеткен.

Қарағанды қаласында 1985 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ береді және Қазақстан мен Еуропада белсенді түрде концерттер өткізген. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Корольдік музыка колледжі, Лондон қаласы, профессор А.Боярскийдің сыныбы, 2005).