«Ветеринарлық қызмет» басшысы 115 қызметкерінің онсыз да аз сыйақысын жымқырған

Ғалиасқар Думан

Түркістан облысында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпонының басшысы Б. Бегманов сотталды.

“Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды” делінген хабарламада.

Сот үкімімен Б. Бегманов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Мекмекеттік мекеме басшысы 115 қызметкерінің орта есеппен 48 мың теңгеге жуық сыйақысын қолды қылған.