Дрон жасауға көмектескен: Еуроодақ қытай компанияларына санкция салмақ

Сырым Қаржас

Еуропа одағы Қытайдан келген компанияларға санкция енгізу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС

ЕО НЕДЕН КҮДІКТЕНЕДІ

Bloomberg Қытайдан келген бірнеше фирма Ресейге соққы жасайтын дрондарды жасауға көмектесті деп күдіктенетіні жөнінде ақпарат таратты.

Брюссель айыппұл салуы мүмкін кейбір қытайлық компаниялар қазірдің өзінде АҚШ пен Ұлыбританияның санкциялар тізімінде тұрғанын хабарлайды. 

Тізімге Солтүстік Корея әскерін Ресейге жіберу туралы шешімге қатысқан КХДР шенеуніктері, сондай-ақ тағы бірнеше ресейлік мұнай танкерлері кіруі мүмкін, деп жазады DW. 

Жалпы Еуропа одағының 15-ші санкциялар пакетіне 50-ден астам жеке тұлға мен 30-ға жуық компанияларды қосу ұсынылады. 

Бұрын Ұлыбритания 2023 жылдың мамырынан бастап Ресейге қарсы ең үлкен 56 жаңа санкция жариялаған еді. Оған қазақстандық компаниялар да енгізілген.

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯ

Осыдан аз уақыт бұрын Украинадағы соғысқа байланысты 50-ден астам ресейлік банк, 40 бағалы қағаздарды тіркеуші мен қаржы саласындағы 15 шенеунігі АҚШ-тың жаңа санкцияларына ұшыраған еді. 21 қарашада шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) АҚШ қаржы министрлігінің сайтында Ресейге жаңа санкциялар салынғанын хабарлады. Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландияның осыған ұқсас тізімдерінде пайда болған Газпромбанк санкцияларға ұшыраған. Сонымен қатар, БКС-банкке, "ЦентроКредит", "ДОМ.РФ", "Синара" және басқа да көптеген банктерге шектеулер енгізілген.

OFAC басылымында санкциялар тізіміне енгендердің ішінде Ресей орталық банкінің оннан астам қызметкері, оның ішінде банк төрағасының бірінші орынбасары Владимир Чистюхин мен Дмитрий Тулин, сондай-ақ Ресей банкі төрағасының орынбасары Ольга Полякова бар.