Ұлыбританияда федералдық тергеу бюросының ең көп іздестірілген қылмыскерлер тізімінде болып, 20 жылдан астам уақыт бойы жасырынған 46 жастағы Дэниел Андреас Сан-Диего тұтқындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН ІЗДЕСТІРІЛГЕН
ВВС дерегінше, ер адамды 2003 жылы Калифорниядағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен іздестірген. Оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін 250 мың доллар көлемінде сыйақы белгіленген еді.
ФТБ МӘЛІМДЕМЕСІ
Федералдық тергеу бюросы сайтының мәліметінше, Сан-Диего «жануарлар құқығын қорғаушы экстремистік топтармен байланысы бар».
«Сан-Франциско аймағындағы екі жарылысқа қатысты 20 жылдан астам уақыт бойы іздеуде болған Дэниел Андреас Сан-Диегоның тұтқындалуы – қанша уақыт өтсе де, ФБР сізді табатынын және жауапқа тартатынын көрсетеді», – деді ФТР директоры Кристофер Рэй.
TIMES МӘЛІМЕТІ
Ұлыбритания Ұлттық қылмыспен күрес агенттігінің (NCA) қызметкерлері Сан-Диегоны Уэльстің солтүстігіндегі ауылдық жерде ұстаған. Сейсенбі күні ол сот алдына шығарылды, ал қазір оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.