«Қазгидромет» РМК Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Тек республиканың батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.
Еске сала кетсек, Қазгидромет мәліметінше, қарашаның соңында республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілетінін хабарлағанбыз.