Канада билігі жеке пайдалануға тыйым салынған қару-жарақтардың тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ӘРБІР КӨМЕК – ЖЕҢІСКЕ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ»
Канада қаруды бақылауды күшейту бойынша жалғасып жатқан күш-жігердің бір бөлігі ретінде атыс қаруының тағы 324 түріне тыйым салатынын жариялады. Тыйым дереу күшіне енді.
Канада билігі сонымен бірге Украина Үкіметімен Ресейге қарсы күреске қару беру мүмкіндігін зерттеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қорғаныс министрі Билл Блэр:
Біздің украиналықтарға ұсына алатын әрбір көмек — олардың жеңісіне жасалған қадам, — деді.
Канадада қаруды бақылау туралы заңдардың күшеюі 2020 жылдың мамырында 1500 атыс қаруының маркалары мен модельдеріне тыйым салынғаннан кейін болды. Өткен айда бұл сан 2000-нан асты, өйткені жаңа модельдер анықталды.
Ұрыс алаңына арналған атыс қаруы біздің қауымдастықтарға сәйкес келмейтіні анық. Қарудың бұл түрлері Канада бұрын-соңды көрмеген ең қорқынышты қатыгездіктерді жасау үшін жиі қолданылған, - деді Қоғамдық қауіпсіздік, демократиялық институттар және үкіметаралық қатынастар министрі Доминик Лебланк.
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС
Ресей әскері 2024 жылдың 24 ақпанында Украина аумағына басып кірген болатын. Соғыс әлі жалғасып жатыр.
БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық гуманитарлық ұйымдарының хабарлауынша, Ресей әскерлері Украинаның тұрғын аудандарына, ауруханаларына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына зымырандармен соққылар жасаған. Соғыс ірі көші-қон дағдарысын туғызды. БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадан 7,86 миллион босқын ретінде кеткен (2022 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша), ал тағы 8 миллионға жуық адам ішкі қоныс аударған. Бірқатар журналистер шапқыншылықты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропадағы ең үлкен әскери қақтығыс деп атайды. Ресейдің әрекеттерін әлемнің көптеген мемлекеттері мен ықпалды халықаралық ұйымдары қатты айыптады.
Соғыс Ресейде және әлемде соғысқа қарсы наразылықтарға, ресейлік БАҚ-та цензураға АҚШ, Еуропалық одақ және басқа елдердің Ресейге қарсы жаңа санкцияларына, соның ішінде елді әлемдік экономикадан ішінара оқшаулауға, Ресейдің бірқатар спорттық және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын шектеуге әкелді, сондай-ақ Ресей үшін ауыр экономикалық салдары болды. Украинада соғыс экономиканың құлдырауына, әуе және теңіз көлігінің жұмысын тоқтатуға және басқа да бірқатар жағымсыз салдарға апарып соқты. Украинаның қоршаған ортасына және Украинаның мәдени мұрасына үлкен зиян келтірілді. Әлемдік ауқымда шапқыншылық және онымен байланысты Санкциялар халықаралық сауданың төмендеуіне және азық-түлік пен энергия бағасының күрт өсуіне соқтырды. Екі жақтан да адам шығыны көп.