«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 7-сі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің кей аймақтарында, атап айтсақ солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтималдығын жария етті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
“Қазгидромет” таратқан мәліметке қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жауады.
Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал.
Ірі қалаларда ауа райы төменгідей болады деп болжануда:
Астана: көшпелі бұлт шығады, қар күтіледі, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -9…-11°С, одан әрі төмендейді.
Алматы: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +2...+4°C жылы болады.
Шымкент: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -0...+2°C болады.
Ақтау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C. Облыстың солтүстік және орталық аймақтарында тұман күтіледі.
Павлодар: бұлтты, қар жауады, жел 7-12 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы -7…-9°C шамасында болады. Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар жаууы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.