Алматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ҮШІН
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 3 қабатты тұрғын үйлер Нұр-Алатау шағын ауданы К.Тауасарлұлы көшесі, 71/21 мекен жайдағы бір учаскеде орналасқан. Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттары толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
ҚАШАН БҰЗЫЛАДЫ
Басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Бұзу жұмыстарын меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды.
Осыған дейін Талғар ауданында көп қабатты үй заңсыз салынғанын, енді оны бұзатынын жазған едік.