Трамп TikTok-қа тиіспейтінін мәлімдеді

Ғалиасқар Думан

Ол президенттік науқан кезінде TikTok әлеуметтік желісінде миллиардтаған қаралым жинағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп TikTok-қа елде жұмысын жалғастыруға рұқсат беру ниетін білдірді. Айтуынша, оған әлеуметтік желіде өзі және сайлауалды науқаны туралы өте көп қаралған видеолар ұнаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Axios сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін белгілі болғандай, TikTok-қа АҚШ аумағында 19 қаңтарда тыйым салынуы мүмкін, бірақ оған дейін АҚШ Жоғарғы соты қолданбаның бас компаниясынан оны сатуды талап ететін екі жақты заңның конституцияға сәйкестігі туралы дәлелдерін тыңдамақ.

Turning Point USA және Turning Point Action ұйымдастырған AmericaFest фестивалінде Трамп былай деді:

«Біз шын мәнінде TikTok-қа кірдік және миллиардтаған қаралыммен тамаша пікірлерге ие болдық».

Ол «бұл желіні мүмкіндігінше біраз уақыт бойы ұстау тұрудың сөкеттігі жоқ» екені туралы да айтып қалды.

Трамп өзінің сайлауалды науқанында бірнеше ай бойы назар аударған жас сайлаушылар арасындағы жетістігін атап өтті, әсіресе подкаст арқылы. Оның айтуынша, ол «оның жүрегінде қашанда TikTok үшін орын бар».

Еске сала кетсек, Tik-Tok Apple және Google-дің қолданбалар дүкенінен жойылатыны айтылған. Яғни АҚШ заңгерлері Apple мен Google компанияларына TikTok қолданбасы дүкендерінен 2025 жылдың 19 қаңтарында жойылуы керек екенін ескерткен. АҚШ-тың федералдық апелляциялық соты қытайлық ByteDance компаниясынан TikTok әлеуметтік желіні сатпайынша АҚШ-тағы жұмысын тоқтатуды талап ететін заңды қолдады.